VITEK VT-3952 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 30


Инструкция VITEK VT-3952 для устройства автомагнитола содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 3.18 MB. Состоит из 48 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

ҚАЗАҚ

 

0

Осы құрылғыны ақаулық туындаған 

жағдайда бірден розеткадан шығаруға мүмкін 

болатындай етіп орнатыңыз. Желілік сымдар 

құрылғыдан шығып тұратын жерлерде тым 

қатты тартылып тұрмауы қажет; сымдарды 

олар шатасып қалмайтындай, олардың үстінде 

заттар тұрмайтындай етіп салу қажет.  

Құрылғы өндірушісі рұқсат етпейтін желілік 

ұзартқыштарды пайдаланбаңыз, өйткені олар 

өте қауіпті болуы мүмкін.   

Найзағай кезінде құрылғыны қосымша 

қорғау үшін, сонымен қатар оны ұзақ мерзім 

бойы пайдаланбайтын жағдайда оны 

электр желісінің розеткасынан ажыратыңыз. 

Бұл найзағай соққыларынан және электр 

желісіндегі кернеудің кенет өзгерісінен 

құрылғының істен шығуына жол бермейді.   

Желілік сымды ажырату үшін желілік ашадан 

тартыңыз, ешбір жағдайда желілік сымнан 

тартпаңыз.  

Құрылғының қозғалмалы бөлшектерін 

майламаңыз.

Электр тогына түсу қаупіне жол бермеу үшін 

құрылғы корпусын өз бетіңізше ашпаңыз. 

Аспапты жөндемеңіз және оның құрымына 

өзгерістер енгізбеңіз. Сервистік қызмет сервис 

орталықтарының білікті мамандарымен ғана 

жүргізілуі қажет. 

Құрылғыны орнату

Құрылғыны жақсы желдетілетін жерде 

орнатыңыз.  Осы құрылғыны жақсы желдету 

болмайтын жиһаздың сөрелеріне (кітап 

сөрелері немесе қабырға шкафтары) орнатуға 

болмайды.

Құрылғыны төсекке, диванға, софаға, 

кілемге немесе басқа осыған ұқсас заттарға 

орнатудың алдында желдету тесіктері және 

саңылаулары жабық болмауын қадағалаңыз, 

өйткені олар құрылғының сенімді жұмысын 

қамтамасыз етеді және оны қызып кетуден 

сақтайды.  

Құрылғыны жылу көздерінің маңында, атап 

айтқанда: радиаторлар, электр жылытқыштар, 

духовкалар немесе жылу шығаратын 

басқа құрылғылардың маңында (сонымен 

қатар күшейткіштер), сондай-ақ тікелей күн 

сәулесі түсетін, қатты шаң-тозаңды немесе 

механикалық соққының әсеріне ұшырауы 

мүмкін жерлерге орнатпаңыз. Аспапты 

температурасы 35ºС жоғары жерлерге 

орнатпаңыз.  

Құрылғыны магниттік өрісі күшті жабдықтардан 

алшақ тегіс тұрақты бетке орнату қажет, 

мысалы видео-, аудиомагнитофондар, 

радиоқабылдағыштар немесе үлкен дауыс 

зорайтқыштар, өйткені ондай құрылғылардан 

шығатын магниттік өрістің  ықпалы 

дыбысталуда кедергілер тудыруы мүмкін. 

Құрылғының үстіне ауыр заттар қоймаңыз. 

Егер қосылған аспаптың жанында балалар 

немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар 

болса, аса сақ болыңыз, оларды қараусыз 

қалдырмаңыз. 

Бөтен заттар

Құрылғы корпусының тесіктері арқылы 

құрылғының ішіне бөтен заттардың түсуіне 

жол бермеңіз, бұл құрылғының күйіп кетуіне 

және электр тогына түсу қатеріне алып келуі 

мүмкін. Егер бұндай жағдай орын алса, 

құрылғыны желіден ажыратыңыз және сервис 

орталығына хабарласыңыз.  

Жөндеуді қажет ететін зақымданулар 

 

Төменде сипатталған жағдайларда құрылғыны 

розеткадан ажырату қажет және құрылғыны 

жөндеу үшін білікті маманға хабарласу керек:

a)   Желілік сым немесе аша зақымданса.  

b)   Құрылғының ішіне бөтен заттар түсіп 

кетсе.  

c)   Құрылғы жаңбырдың астында қалып қойса 

немесе үстіне су құйылып кетсе.  

d)   Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе.

e)   Құрылғы құлап кетсе не болмаса басқа 

жолмен зақымданса.  

f)    Құрылғының жұмысында үлкен өзгерістер 

байқалса.  

Ескерту:

 Егер құрылғы пайдаланылатын 

жерде энергия үнемдейтін шам болса, 

құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. 

Құрылғыға күтім жасау 

 

Тазалаудың алдында құрылғыны розеткадан 

ажыратыңыз. Құрылғыны тазалау үшін ылғал 

жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз. Алдыңғы 

3952IM.indd   30

20.06.2008   11:40:04


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru