HOTPOINT-ARISTON LFT 21677.R инструкция по эксплуатации онлайн - страница 30


Инструкция HOTPOINT-ARISTON LFT 21677.R для устройства посудомоечная машина содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 2.70 MB. Состоит из 36 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

KZ

30

Тартпаларды жүктеу

Тартпаларды жүктемес бұрын, ыдыс-аяқтан барлық 

тамақ қалдықтарын тазалаңыз және стақандар мен 

шыныаяқтан сұйықтықтарды төгіңіз. 

Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер 

еркін жылжи алатынын тексеріңіз.

Төменгі тартпа және ыдыс-аяқ себеті

Төменгі тартпаға табаларды, қақпақтарды, тәрелкелерді, салат 

ыдыстарын, ыдыс-аяқтарды және т.б. салуға болады. Үлкен тәрелкелер 
мен қақпақтарды тартпаның шеткі жақтарына қойған абзал.

Бірнеше ыдыс жуу машиналары қайырмалы бөлімшелермен

*

 

жабдықталады, оларды тәрелкелерді салған кезде тік қалыпта 

немесе кастрөлдер, салат ыдыстарын немесе табаларды 
салған кезде көлденең қалыпта қолдануға болады.

Ыдыс-аяқ  себетінің  түрі  (модульді  немесе  модульді  емес) 

ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты әртүрлі болады. 

Модульді емес себетті 

тек

 төменгі тартпаның алдыңғы жағына 

қоюға болады. 

Екеуінде де, 

ыдыс-аяқтарды 

салу ыңғайлы 

болуы үшін, 

жоғарғы 

жақтарында 

торлар болады.

 Өткір жиектері бар пышақтар және басқа құралдар 

төмен қаратылып ыдыс-аяқ себетіне салынуы керек немесе 

оларды жоғарғы тартпадағы қайырмалы бөліктерге 
көлденең қоюға болады.

Жоғарғы тартпа

Бұл тартпаға нәзік және жеңіл ыдыс-аяқты салыңыз: стақандар, 

шыныаяқтар, табақшалар және таяз салат ыдыстары. 

Орнын реттеуге болатын қайырмалы бөліктер

Ыдыс-аяқтарды тартпада 

оңай реттеу үшін 

қайырмалы бөліктерді 

әртүрлі биіктіктерде 

орналастыруға болады. 

Шарап стақандарының 

аяқтарын тиісті 

ұяларға кіргізу арқылы 

оларды қайырмалы 

бөліктерде қауіпсіз түрде 

орналастыруға болады. 

Кейбір ыдыс жуу машиналарының 
үлгілері суырма науалармен

*

 

жабдықталған, оны ас құралдарын немесе 

кіші шыныаяқтарды салу үшін қолдануға 

болады. Жуу тиімділігі оңтайлы болуы 

үшін көлемді ыдыс-аяқтарды науаның дәл 

астына қоймауға тырысыңыз. 

Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу

Ыдыс-аяқты реттеуді жеңілдету үшін жоғарғы тартпаны жоғары 

немесе төмен жылжытуға болады.

  Жоғарғы  тартпаның  биіктігі  негізінде  ТАРТПА  БОС 

БОЛҒАНДА реттелуі керек.

Тартпаны тек бір жағынан көтеріп немесе төмендетіп қоюшы 

БОЛМАҢЫЗ.

Сол және оң бағыттауыш тірегіштерін ашып, 

тартпаны суырып алыңыз; оны қажетінше 

жоғары немесе төмен қарай жылжытыңыз 

да, алдыңғы дөңгелектер орнына келгенше 

бағыттауыштар бойымен сырғытып, 

тірегіштерді жабыңыз (

суретті қараңыз

).

Тартпа 

Қос орын тұтқаларымен

*

 

жабдықталған болса (

суретті қараңыз

), 

жоғарғы тартпаны тоқтау нүктесіне 

жеткенше суырыңыз да, тартпаның 

бүйірлеріндегі тұтқалардан ұстап оны 

жоғары немесе төмен қарай жылжытыңыз, 

одан кейін орнына түскенше ақырындап жіберіңіз.

Ыдыс жуу машинасында жууға болмайтын заттар

•  Ағаш заттар, тұтқалары ағаштан жасалған немесе 

жабыстырылған бөліктері бар нысандар.

•  Алюминий, мыс, жез, қалайы-қорғасын қоспасы немесе 

қалайыдан жасалған заттар.

•  Қызуға шыдамайтын пластикалық материалдан жасалған заттар.

•  Көне немесе қолмен боялған фарфор.

•  Көне күміс. Дегенмен, көне емес күмісті нәзік жуу циклын 

қолдана отырып ыдыс жуу машинасында жууға болады, 

бірақ ол басқа металдарға тимеуі тиіс.

Тек кейбір үлгілерде бар.

 Ыдыс жуу машинасында жууға болатын ыдыс-аяқты 

пайдалануды ұсынамыз.


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru