KENEKSI E2 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 27


Инструкция KENEKSI E2 для устройства мобильный телефон содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 730.14 kB. Состоит из 32 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

27 

 

 

 

Басқасы 

 

Телефонды, керек-жарақтарды және ұсақ толымдаушыларды үй жануарлары мен балалар үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз. 

 

Құрылғының жанында несие карталары, магниттік толықтырғыштар және т.б. сияқты магниттелген заттарды сақтамаңыз. Бұл 
осы заттардың да, телефонның да зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін. 

 

Телефон бойынша ұзақ сӛйлесу динамик дыбысының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. 

 

Егер Сіз құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдалансаңыз, онда оны қауіпсіз жерде сақтаңыз. 

 

Құрылғыны теледидардың, радионың және т.б. жанында пайдалану құрылғының жұмыс қабілетіне әсер етуі мүмкін. 

 

Антеннасы зақымдалған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз. Құрылғыны жӛндеу үшін мамандандырылған сервистік орталыққа 
жүгініңіз. 

 

Телефонды суға түсіріп алмаңыз. Егер Сіз құрылғыны суға түсіріп алсаңыз, тез арада батареясын алып шығыңыз, содан кейін 
мамандандырылған сервистік орталыққа жүгініңіз. 

 

Телефонды боямаңыз. 

 

Егер телефонды қоғамдық жерлерде пайдалансаңыз, басқа адамдарды мазаламау үшін дыбысын ӛшіруіңізді сұраймыз. 

 

Тыйым салынған жерлерде құрылғыны пайдаланбаңыз. 

 

Телефонды қосқан және сӛндірген кезде оны құлағыңызға жақындатпаңыз. 

 

Құлаққаптар сияқты керек-жарақтарды абайлықпен пайдаланыңыз. Пайдаланар алдында кабельдің бүтіндігін тексеріңіз. 

 

Қуаттандыру құрылғысы орынжайдың ішінде ғана пайдалануға арналған. 

 

Құрылғыны -20°ден кем емес және 50°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз. 

 

Телефонға күтім жасау үшін химиялық тазартқыш құралдарды пайдалануға тыйым салынады. 

 

Телефонды түсіріп алмауға және қатты сілкімеуге тырысыңыз. Бұл құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкеп соғуы мүмкін.  

 

Телефонның ӛндірушісі мақұлдаған керек-жарақтарды ғана пайдаланыңыз. Бӛгде ӛндірушілердің керек-жарақтарын пайдаланған 
кезде Сізге кепілді қызмет кӛрсетілмеуі мүмкін. 

 

Бұл құрылғыға мамандандырылған сервистік орталықтарда ғана қызмет кӛрсетуге болады, кері жағдайда Сіз кепілдіктен 
айырыласыз. БҚ дұрыс орнатпау кепілді қызмет кӛрсетуден бас тартудың себебіне айналуы мүмкін. 

 

Сіздің телефоныңызда сақталған ақпарат құрылғыны дұрыс пайдаланбау, жӛндеу немесе БҚ жаңарту себебінен жойылуы мүмкін. 
Ӛз деректеріңіздің резервтік кӛшірмесін жасауыңызды сұраймыз. Ӛндіруші Сіздің деректеріңіздің жоғалғандығы үшін 
жауапкершілік тартпайды. 

 

Сіздің құрылғыңыз оқшауланып қалған кезде де кез-келген жағдайда жедел қызметке қоңырау шалу үшін бір немесе бірнеше 
жедел жәрдем қызметтерінің нӛмірлерін сақтап қойыңыз. Кейбір жағдайда Сіз жедел қызметті шақыра алмайсыз, мысалы, егер 
ұялы байланыс дабылы жоқ немесе оқшауланған болса. 

 

Назар аударыңыз! Құрылғыны дұрыс пайдаланбау жарақаттануға және тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін. 

Сӛз басы  

KENEKSI ұялы телефонын таңдағаныңыз үшін рахмет. Пайдаланушыға GSM торабына енуді ұсынуына қарамастан, осы құрылғы 
мыналарды қамтиды: сапалы  дыбыс, біртума нәзік дизайн, ашық түсті дисплей, бірнеше тілдерде пайдалануға оңай меню. 

 
Маңызды ақпарат 

 

Қ

ұрылғымен жұмыс істеудің алдында осы пайдаланушы нұсқаулығымен танысыңыз. Осы нұсқаулықта сіздің 

құрылғыңыздың негізгі атқарымдары туралы ақпарат жиналған.. 

 

Осы нұсқаулықта кӛрсетілген ақпарат сіздің телефоныңыздың кейбір қамтамаларына сәйкес келмеуі мүмкін, ол сіздің 
телефоныңыздағы бағдарламалық қамтамаға тәуелді. 

 

Құрылғының кез келген нәрсесін ӛзгерту кепілдіктің жойылуына әкеп соқтырады.  

Құрылғымен жұмыс істеу 
Батарея 

 
Ескерту  

Пайдаланар алдында аккумуляторлық батареяны толықтай қуаттандырған жӛн. 
Аккумуляторлық батарея құрылғымен бірге сатылады. Батареяның қалған қуаты экранның жоғарғы жағында кӛрсетілген.  
 

Батареяны орналастыру 

1.

 

Аккумуляторлық батарея орналасатын қуыстың қақпағын ашыңыз. 

2.

 

Батареяның металл жалғасулары телефонның металл жалғасуларымен сәйкес келетіндей етіп батареяны орналастырыңыз. 

3.

 

Аккумуляторлық батарея орналасатын қуыстың қақпағын жабыңыз. 

 

Батареяны шығару 

1.

 

Телефонды ӛшіріңіз. 

2.

 

Аккумуляторлық батарея орналасатын қуыстың қақпағын ашыңыз. 

3.

 

Батареяны шығарыңыз. 

 


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru