26
инералсыздандырылған суды 1:1 пропорциясымен
араластыруға кеңес беріледі.
3. Температура реттегішін бұрып, үтіктелетін матаға
сәйкес келетін белгіні аспап корпусындағы белгінің
қасына орнатыңыз. Бу жіберу реттегішін қажетті күйге
орнатыңыз (А2.5-6).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтік көлденең күйде тұрып,
табанының температурасы жоғары болғанда ғана бу
үнемі беріліп тұрады. Егер бу жіберу реттегіші ашық
тұрса ( күйінде емес), төменгі температурада үтік
табанындағы тесіктерден су ағуы мүмкін.
4. Үтікті электржеліге қосыңыз. Табаны қызған уақытта
қызыл индикатор жанып тұрады, ал үтіктің табаны
белгіленген температураға дейін қызған кезде жасыл
индикатор жанады (А2.7-8).
5. Матаны ылғалдандыру үшін суды бүрку түймешігін
басыңыз (А2.9).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бу температурасы өте жоғарыя!
Күйіп қалмау үшін үтік табанындағы тесіктерден
шығатын буға тимеңіз. Адамның үстіндегі киімді
буламаңыз!
6. Жұмыс аяқталысымен табанды қыздыру реттегішін «Min»
күйіне, бу жіберу реттегішін күйіне орнатыңыз,
құралды электр желісінен ажыратыңыз, суды ыдыстан
төгіңіз, нұсқаулықтарды қатаң ұстаныңыз А2.12-16.
Бу соққысы
Будың соққы функциясы тығыз және қатты мыжылған мата-
ны үтіктеу үшін қажет. Бу соққысы үтіктеу кезінде
түймешігін қысқа басу арқылы жасалады. Басу арасындағы
интервалдар кем дегенде 2-3 секунд болуы керек (А2.11). Бу
соққысы фнкциясын тігінен үтіктегенде пайдалануға болады.
Тігінен булау
Осы функция құрылымы жеңіл маталарды (тюль) да, ауыр
перделерді де, сонымен қатар пальто, пиджакты және т. б.
ілгіштен шешпей үтіктеуге мүмкіндік береді. Үтікті тік, табанын
буланатын матаға қаратып, орналастырыңыз. Биязы матаны
бүлдірмеу үшін үтікті буланатын бұйымдардан бірнеше сан-
тиметр аралығында ұстаңыз. Үтікті жоғарыдан төмен жыл-
жытып, қарқынды бу жіберу түймешігін кішкентай
үзілістермен басыңыз. 5 рет басқан сайын үтікті көлденең
күйге ауыстырыңыз (А2.10).
«Тамшы-стоп» жүйесі
Автоматты «Тамшы-стоп» жүйесі су ағызбайды және ең би-
язы матаны зақымдау тәуекелісіз үтіктеуге мүмкіндік береді.
Автоматты түрде өшіру жүйесі
Автоматты түрде өшу функциясы үтікті пайдалану
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және электр энергиясын
үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер аспап қозғалмай тұрса,
автоматты түрде өшу жүйесі іске қосылады:
• көлденең күйде немесе бүйірде жатқан (кездейсоқ
құлағанда) үтік үшін — шамамен 30 секундтан кейін;
• тік күйде тұрған үтік үшін — шамамен 8 минуттан кейін.
Автоматты түрде өшу функциясы іске қосылғанда табанның
қызуы тоқтайды, сигнал естіледі, автоөшіру тәртібінде жасыл
индикатор жыпылықтап тұрады.