• Жұмыс істеп тұрған кезде сіз дайындалып жатқан өнімді аудару үшін пештің есігін
аша аласыз; есікті жапқаннан кейін əзірлеу процесі жалғасады.
• Уақыт аяқталған саң дыбыстық белгі ойнайды
Ескерту:
егер сіз белгіленген əзірлеу уақытына дейін өнімді шығарып алсаңыз немесе
сіз пешті пайдаланбайтын болсаңыз, онда тұтқаны (8) үнемі «0» күйіне пешті сөндіру
үшін қойыңыз.
ТАЗАРТУ ЖƏНЕ КҮТІМ
• Тазартпас бұрын пешті сөндіріңіз де, желі шнурының ашасын розеткадан суырып
тастаңыз.
• Басқару панеліне ылғалдың тиюін болдырмаңыз. Оны жұмсақ, сəл ылғал сулықпен
тазалаңыз.
• Пештің жұмыс камерасын таза ұстаңыз. Егер пештің қабырғаларында өнімдердің
бөліктері немесе сұйықтықтың ағындылары қалып қойса, оларды ылғал сулықпен
кетіріңіз.
• Жұмыс камерасы қатты ластанған кезде жұмсақ жуғыш затты пайдалануға
болады.
• Қажағыш жуғыш заттарды, сым щеткаларды пештің сырты мен ішін тазалау үшін
пайдаланбаңыз.
• Пештің қақпағында орналасқан ауа мен буды шығаруға арналған саңылауға судың
немесе жуғыш заттың тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
• Аммиак негізіндегі жуғыш заттарды пайдалануға тыйым салынады.
• Сыртқы беттерді ылғал сулықпен тазалау керек.
• Пештің есігі үнемі таза болуы керек. Пештің есігі мен беткі панелінің арасына
тағамдардың түйіршіктерінің жиналып қалуына жол бермеңіз, себебі бұл есіктің
қалыпты жабылуына кедергі келтіреді.
• Пешті салқындату үшін ауа кіріп тұратын, пештің корпусындағы желдету
саңылауларындағы шаң мен кірді үнемі тазалап тұрыңыз.
• Шыны төсеммен оның тіреуін үнемі шешіп алып тазалап отырыңыз; пештің жұмыс
камерасының түбін əбден сүртіп отырыңыз.
• Шыны төсем мен аунақшалы сақинаны бейтарап сабын ерітіндісімен жуыңыз.
• Қызып тұрған шыны төсемді суық суға батырмаңыз: температураның күрт төмендеу
себебінен төсем жарылып кетуі мүмкін.
• Жұмыс камерасындағы жағымсыз иістерді кетіру үшін пештің іүішне лимон шырыны
қосылған бір тостақ суды қойып қойыңыз да, оны бірнеше минут бойы қайнатыңыз.
Жұмыс камерасының қабырғаларын жұмсақ сулықпен əбден сүртіңіз.
АҚАУЛЫҚТАР МЕН ОЛАРДЫ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ
Қалыпты жұмыс
Қысқа толқынды пеш теле жəне
радиосигналдарды қабылдауға
кедергі келтіреді
Қысқа толқынды пештің жұмысы кезінде теле жəне радио
сигналдарды қабылдау кезінде кедергілер пайда болуы
мүмкін. Осындай кедергілер миксер, шаңсорғыш жəне
электрлік фен сияқты кішкене электрприборлары жұмыс
істеген кезде пайда болады. Бұл қалыпты құбылыс.
Жарықтың жарқындылығы
төмен
Қысқа толқынды сəуле шашудың төменгі қуат деңгейі
орнатылған болса, онда жұмыс камерасының жарық
көрсеткішінің жарқындылық деңгейі де төмен болуы мүмкін.
Бұл қалыпты құбылыс.
23
ҚАЗАҚ
1680.indd 23
1680.indd 23
09.04.2010 14:13:03
09.04.2010 14:13:03