22
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Аспапты орамынан шығарып, барлық жапсырманы алып тастаңыз.
Аспаптың барлық құрамдастары барын және зақым жоқтығын тексеріңіз.
Барлық құрамдасты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазалаңыз.
Барлық бөлшекті құрғатып сүртіңіз және аспап жұмысқа дайын болатындай орнатыңыз.
Аспапты алғашқы пайдаланар алдында тостағаны суға 70% толған «Бу пісіргіші» бағдарламасын 60 минут мерзіміне қосу керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Аспапты тазалаудың алдында міндетті түрде электр желісінен ажыратыңыз.
Аспапты толық суытыңыз.
Ас әзірлеу тостағанын жуу құралымен жуыңыз, сумен шайып, жұмсақ матаның көмегімен кептіріңіз.
Ас әзірлеу тостағанын ыдыс жуатын машинада жумаңыз.
Аспап пен керек-жарақты тазалау үшін абразивті тазартқыштар мен агрессивті жуу заттарын пайдаланбаңыз.
Аспаптың ішіне ешқандай жағдайда су тигізбеңіз.
Конденсатты жинау контейнері қақпақты ашқанда конденсат тамшыларын жинауға арналған, оны пайдаланған сайын шешіп, жуыңыз.
Бу шығу клапанын аспап пайдаланылған сайын тазалау керек. Клапанды абайлап шешіңіз, бұл кезде көп күш салмаңыз. Клапанды бұзып, ағынды суда мұқият
жуыңыз, одан кейін мұқият кептіріңіз, керісінше тәртіппен жинаңыз және орнына орнатыңыз.
Аспап корпусы мен қақпағын ылғал матамен сүртіңіз, одан кейін таза құрғақ матамен кептіріңіз.
Әзірлеу аяқталысымен әзірлеу тостағанын бірден суық суға салмаңыз, бұл ішкі жабындыны зақымдауы мүмкін. Суытыңыз. Қатты суық азықты қызып тұрған
бетке бірден салмау керек.
Аспап корпусын қажет болғанда тазалаңыз, бұл кезде таза жылы су мен жұмсақ мата пайдаланыңыз, абразивті жуу құралдары мен ыдысты жуу құралдарын
пайдаланбаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қоректену
220-
240 Вольт 50 Герц
Қуаты
860 Ватт
Нетто / брутто салмағы
2,9
кг / 3,3 кг
Қорап өлшемдері (Ұ х Е х Б)
28
5 мм х 285 мм х 305 мм
КЕПІЛДІК ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫНА (СҮЗГІЛЕР, КЕРАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КҮЮГЕ ҚАРСЫ ЖАБЫНДЫЛАР, РЕЗИНА НЫҒЫЗДАУЫШТАР МЕН БАСҚАЛАР)
ТАРАЛМАЙДЫ.
Аспап жасалу күнін бұйым қорабындағы сәйкестендіру стикерінде және/немесе бұйымның өзіндегі стикерде табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады, 4-
ші және 5-ші белгі аспаптың жасалу айын, 6-шы және 7-ші белгі жылын білдіреді.
Өндіруші аспаптың дизайны мен техникалық сипаттамаларын алдын ала ескетпей өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Өндіруші зауыт:
COSMOS FAR VIEW INTERNATIONAL LIMITED
Room 701, 16 apt, lane 165, Rainbow North Street, Ningbo, China