21
4. ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
1.
Фен толық құрастырылған– 1 дана.
2.
Пайдалану бойынша нұсқаулық – 1 дана
3.
Қызмет көрсеті орталықтарының тізімі – 1 дана.
4.
Кепілдік талоны – 1 дана.
5.
Құралдың орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) – 1 дана.
5. ҚҰРАЛДЫ ҚОСПАС БҰРЫН ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құралды орамадан шығарыңыз.
Құралдың жиынтығына кіретін барлық бөлшектерін және оның керек-жарақтарын тексеріп
шығыңыз («Құралдың жиынтығы» тарауын қараңыз).
Құрал және оның желілік сымы ақаулы еместігіне көз жеткізіңіз.
6.
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жұмысқа дайындау және пайдалану
Желілік кабельді тарқатып жазыңыз.
Қондырманы орнатыңыз
Құралды қоректендіру көзіне қосыңыз
Ауа қызуының қажетті қуатын орнатыңыз (C):« I» - минималды, « III » - максималды
Ауа ағынының қажетті қуатын орнатыңыз (D):
Орын « 0»: ӨШІРУ
Орын« I»: Орташа қуаттылық (шашты аздап кептіріп, сәндеуге арналған).
Орын « II »: Толық қуаттылық (шашты тез кептіруге арналған).
Шашты кептіру кезінде "Салқын ауа" режиміне өту үшін, тетікке (B) басып, ұстап тұрыңыз.
.
7.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құралды тазаламас бұрын оны желіден ажыратыңыз және оның толық сууын күтіңіз.
Жұмсақ қылшақтың көмегімен ауа тартатын саңылауларды жиі түрде тазартыңыз.
Ауа тартатын саңылаудың ішінде шаң немесе шаш тұрып қалған жағдайда алынбалы сүзгіні
сағат тіліне қарсы бағытта бұру арқылы құралдың корпусынан ажыратыңыз және кірді
жойыңыз. Сүзгіні ала құралды пайдалануға тыйым салынады.
Құралдың корпусын қосымша тазарту құралдарын қолданусыз құрғақ, жұмсақ матаның
көмегімен тазартыңыз.
Абразивті тазарту құралдары мен органикалық ерітінділерді пайдалануға тыйым салынады.
Құралды ешқашан суға салмаңыз.
8.
САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ
Құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық,
құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.