3
Қа
зақша
Мазмұны
Кіріспе·························································3
Сақтық шаралары············································4
Теледидарды орнату ········································6
Теледидарды жалғау········································7
Бастапқы теңшелім··········································8
Теледидарды пайдалану···································9
Сыртқы кірістен қарау····································10
Медиаойнатқышты пайдалану························10
Әдеттегі интерфейсті қолдану························11
Мәзірдің атқарымдарын қолдану····················12
Қосымша ақпарат···········································15
Ақауларды жою·············································16
Техникалық сипаттамалары····························17
Күтім жасау····················································18
Анықтамалық ақпарат····································18
Кіріспе
Бұл нұсқаулықта келтірілген суреттер түсінік беру
мақсатында ғана қолданылады. Өзгеше көзделмесе,
бұл нұсқаулықта TX-24FR250 суреті қолданылады.
Кейбір иллюстрацияларда тұжырымдамалық суреттер
көрсетілген, олар шынайы бұйымдардан ерекшеленуі
мүмкін. Иллюстрациялар үлгі мен елге байланысты
өзгешеленуі мүмкін
.
_________________________________________________________________________________________________
DVB, сондай-ақ DVB шамдары - DVB Project маркалары
болып табылады.
Компанияларға немесе өнімдердің сауда таңбаларына
арнайы сілтемелер болмағанда да, бұл сауда
таңбалары толығымен танылады.
_________________________________________________________________________________________________
Бұл бұйым, AVC патент қоржынына сәйкес лицензия
бойынша тұтынушының жеке және коммерциялық емес
түрде пайдалануы үшін және: (і) бейнежазбаларды
AVC (“AVC бейнесі”) стандартына сәйкес кодтау; және/
немесе жеке коммерциялық емес қызметі барысында
тұтынушы тарабынан кодталған және/немесе AVC
бейнежазбаларын көрсетуге рұқсаты бар бейнеақпарат
провайдерінен алынған AVC бейнежазбаларын
кодсыздандыру мақсатымен шығарылады. Өзге
мақсаттармен, тура немесе жанама түрде пайдалануға
рұқсат берілмейді. Қосымша ақпаратты алу үшін MPEG
LA, LLC компаниясына жүгініңіз.
Қараңыз: http://www.mpegla.com.
_________________________________________________________________________________________________
Panasonic компаниясы бөгде өндірушілердің шеткері
құрылғыларының жұмысына және атқарылымына
кепілдік бермейді және бөгде өндірушілердің шеткері
құрылғыларының жұмысы және/немесе атқарылымы
нәтижесінде туындаған зақымдар үшін кез-келген
жауапкершіліктен бас тартады.
_________________________________________________________________________________________________
Қорғаныс сыныбы ІI. Бұл бұйым, тұрмыстық жағдайда
ТД бағдарламаларын қарауға арналған
.
_________________________________________________________________________________________________
Бұл таңба, бұйымның ауыспалы ток кернеуінің
астында жұмыс істейтінін білдіреді
.
_________________________________________________________________________________________________
DVB атқарымына қатысты ескертпе
●
Осы теледидар DVB-T/T2 (MPEG2 мен MPEG4-
AVC(H.264)) цифрлық жер үсті қызметтерінің және
DVB-C (MPEG2 мен MPEG4-AVC(H.264)) цифрлық
кабель қызметтерінің стандарттарына сәйкес әзірленді.
Өз өңіріңізде DVB-T/T2 қызметтеріне қол жеткізу
мәселелері бойынша өзіңіздің жергілікті дилеріңізбен
кеңесіңіз. Осы теледидардан DVB-C қызметтеріне
қол жеткізу мәселесі бойынша кабельдік телевизия
қызметтерінің жеткізушіңізбен кеңесіңіз..
● Сигнал DVB-T/T2 немесе DVB-C стандарттарына
сай келмесе, бұндай теледидар дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
● Елге, өңірге, хабар тарату компаниясына және
қызмет жеткізушіге байланысты, кейбір атқарымдар қол
жетімді болмауы мүмкін.
● Бұл теледидармен кейбір CI модульдері тиісті түрде
жұмыс істей бермейді. CI модулінің жұмысына қатысты
мәселелер бойынша өзіңіздің қызмет жеткізушіңізбен
кеңесіңіз.
● Бұл теледидар, қызмет жеткізуші тарабынан
бекітілмеген CI модулімен тиісті түрде жұмыс істемеуі
мүмкін.
● Қызмет жеткізушісіне байланысты, қосымша төлем
алынуы мүмкін.
● Іске қосылуы болашақта жоспарланған
қызметтермен үйлесімділігіне кепілдік берілмейді.
_________________________________________________________________________________________________
Ескертпе
Басқа құжаттарда өзгесі көзделмесе, төменде
келтірілген ережелерді ұстаныңыз.
1. Ажыратылатын немесе ажыратылмайтын бөліктерді
қоспағанда, бұйымды қатты және жалпақ жерге
қойыңыз.
2. Құрғақ, жабық орынжайда сақтаңыз.
3. Тік күйде ғана тасымалдаңыз. Тасымалдау
уақытында бұйымды лақтырмаңыз, қажеттіліктен артық
дірілдетпеңіз немесе басқа заттарға соқпаңыз.
4. Ұлттық және/немесе жергілікті заңнамаға сәйкес
кәдеге жаратыңыз.
Өткізу ережелері мен шарттары дайындаушы тарабынан
белгіленбеген және тауар өткізілетін елдің ұлттық және/
немесе жергілікті заңнамасына сай келуі тиіс.