KZ
20
Кір жуу құралдары мен кір түрі
Кір жуу құралдары
Кір жуу құралын таңдау және мөлшерлеу кір
түріне (мақта, жүн, жібек т.б.), кірдің түсіне, кір жуу
температурасына, ластану деңгейіне және судың
қаттылығына байланысты.
Кір жуу құралын дұрыс мөлшерлеу – бұл үнемдеу
және қоршаған ортаға қамқорлық; дегенмен кір жуғыш
құралдар биотаратқыш болып саналады, олардың
құрамында табиғатқа зиянды заттар бар.
Ұсыныстар:
• кір жуғыш құралдарды ақ мақта заттарға және
алдын ала кір жууға пайдаланыңыз.
• күтіммен жуылатын мақта кірлерге және төменгі
температурадағы барлық бағдарламаларға сұйық
құралды пайдаланыңыз.
• жібек және жүн заттар үшін күтіммен жуылатын
сұйық кір жуғыш құралдарды пайдаланыңыз.
Кір жуу құралдарын кір жуар алдында арнайы
ұяшыққа немесе мөлшерлеуішке салыңыз, олар
барабанда орналасқан. Бұл жағдайда алдын ала кір
жуу Мақта циклін таңдауға болмайды.
!
Қолмен жууға арналған жуу құралын пайдаланбаңыз
– одан пайда болатын көлемді көпіршіктер кір жуудың
сапасын нашарлатады және кір жуғыш машинаның
бұзуы мүмкін.
Кірді дайындау
• кірді барабанға жүктемес бұрын мұқият жөндеп
алыңыз.
• Кірді матасының түріне, түсіңне, (этикетіндегі
белгісіне қара) қарай іріктеп. алыңыз, ақ кірден
түрлі-түсті кірді бөліп алыңыз.
• Қалталарынан барлық заттарды алып тастаңыз
және түймелерінің нық тұрғандығын тексеріңіз;
• Құрғақ кірге арналған барабанды жүктеудің ең
жоғарғы нормасынан аспаңыз:
Кірдің салмағы
1 ақжайма 400-500 г
1 жастық тыс 150-200 г
1 дастархан 400-500 г
1 банна халаты 900-1200 г
1 сүлгі 150-250 г
1 джинса 400-500 г
1 жейде 150-200 г
Кір жуу бойынша нұсқаулар
Жейделер:
арнайы
«жейделер» бағдарламасын
түрлі типтегі маталар мен түрлі түсті жейделерді жууға
пайдаланыңыз.
Jeans
:
арнайы
«джинсалар» бағдарламасын Demin
матасынан тігілген барлық заттар үшін пайдаланыңыз,
оларды жуар алдында заттарды теріс қаратып, сұйық
кір жуу құралын қосыңыз.
Baby
: бала жұқтырған лас заттарды кетіру үшін
арнайы «Baby» бағдарламасын пайдаланыңыз
және ол аллергия тудырмау үшін кір жуу құралын
толық кетіреді. Бұл цикл көп мөлшерде суды
пайдалана отырып, микробтиологиялық әсерін
азайтуға және кір жуу құралдарына қоспаларды
зарарсыздандыруды оңтайландыру үшін арналған.
Кірді жуып біткен соң, машинаның барабаны жайлап
айналып тұрады. Циклді тоқтату үшін START/PAUSE
түймесін басыңыз.
Жібек:
Барлық жібек заттар үшін арнайы «жібек»
бағдарламасын пайдаланыңыз. Күтіммен жуылатын
заттар үшін арнайы жуу құралдарын қолдануды
ұсынамыз.
Перделер:
«Жібек» бағдарламасын қолданыңыз.
Перделерді бүктеп, арнайы қапшыққа салыңыз
.
Жүн:
маркалы машина Woolmark Company
компаниясының Woolmark Platinium Care (М 0508)
беделді белгісін алған жалғыз марка. Ол жүн заттарды
жууға, тіпті этикеткасында
«тек қолмен жууға
арналған» деп көрсеткендерге сертификат береді.
«Жүн» бағдарламасы бойынша кез келген жүн
бұйымдарды сеніммен әрі тиімді түрде жууға болады.
Мамық көрпелер:
Бір адамға арналған мамық көрпені
(оның салмағы 2 кг-нан аспауы тиіс), жастықтарды
немесе мамық курткалар сияқты қаз мамығы бар
киімдерді жуу үшін арнайы «Мамық көрпелер»
жуу циклын қолданыңыз. Мамық көрпелерді шеттерін
ішке қайырып
(суретті қараңыз)
және барабанды
3/4 көлеміне ғана толтырып барабан ішіне салыңыз.
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш
қолданылып, жуғыш зат тартпасына құйылғаны абзал.
Ақ жайма және сүлгі:
бұл кір жуғыш машина
барлы отбасына арналған кірді бір “Ақ жаймалар”
бағдарламасымен жууға мүмкіндік береді. Ол
шайғышты пайдалануды оңтайландырады және уақыт
пен электр қуатын үнемдейді. Кір жуғыш құралын
пайдаланған дұрыс.
Қиын тазартылатын дақтар:
қиын тазартылатын
дақтары бар заттарды жуар алдында қатты сабынмен
бір жуып және Мақта кірлер бағдарламасымен алдын
ала жуу бағдарламасымен жуып алған жөн.
Сырмалы көрпелерге, перделерге және күтіммен
жуылатын кірге арналған қапшық
Машинамен бірге берілетін арнайы қапшық арқылы
Aqualtis кір жуғыш машинасы ең күтіммен жуылатын
кірлерді де және бағалы заттарды да толық қорғай
отырып, жууға мүмкіндік береді. Қапшықты сырмалы
және синтетикалық астары бар қауырсын заттарды
жуу үшін пайдаланған дұрыс.