KZ
19
Индикатор шамдары
Индикатор шамдары маңызды ақпаратты береді.
Олар мына жағдайларды білдіруі мүмкін:
Кешіктіріп бастау
КЕШІКТІРУ ТАЙМЕРІ функциясы қосылған болса
(
«Жекешелендіру» тарауын қараңыз
), жуу циклы
басталғаннан кейін таңдалған кешіктіру мерзіміне
сәйкес келетін индикатор шамы жыпылықтай бастайды:
Уақыт өте, қалған кешіктіру уақыты көрсетіледі және
тиісті индикатор шамы жыпылықтайды:
Таңдалған кешіктіру уақыты аяқталғанда орнатылған
бағдарлама басталады.
Жуу циклы кезеңінің индикатор шамдары
Қажетті жуу циклы таңдалып, басталғаннан кейін,
индикатор шамдары бірінен кейін бірі жанып,
циклдың қай кезеңі орындалып жатқанын білдіреді.
Функция түймелері және оларға сәйкес келетін
индикатор шамдары
Функция таңдалған кезде, оған сәйкес келетін
индикатор шамы жанады.
Таңдалған функция бағдарламаланған жуу
циклымен үйлесімді болмаса, тиісті индикатор шамы
жыпылықтайды және функция қосылмайды.
Таңдалған опция оған дейін таңдалған басқа
опциямен үйлесімді болмаса, индикатор шамы
жыпылықтап, сигнал беріледі (3 сигнал) және тек
екінші опция қосылады; таңдалған опцияға сәйкес
келетін индикатор шамы жанады.
Есік құлыптаулы индикатор шамы
Индикатор шамы жанып тұрған кезде, ашылмауы
үшін есік құлыптаулы болады; есікті ашпас бұрын
индикатор шамының сөнгеніне көз жеткізіңіз
(шамамен 3 минут күтіңіз).
Жуу циклы барысында есікті ашу үшін, START/PAUSE
түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор
шамы өшкен кезде есікті ашуға болады.
Жуу циклын бастау
Жылдам бағдарламалау
1.
КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ.
Есікті ашыңыз. Келесі
беттегі бағдарламалар мен жуу циклдарының
кестесінде көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып
кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
2.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, «
Жуғыш заттар мен кірлер
» тарауында
айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке
салыңыз.
3.
ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
4.
Жуу бағдарламасын бастау үшін «PUSH & WASH»
түймесін басыңыз.
Әдеттегі бағдарламалау
1.
ON/OFF түймесін басу арқылы кір жуғыш
машинаны қосыңыз. Барлық индикатор шамдары
бірнеше секундқа жанады, одан кейін таңдалған
бағдарлама параметрлеріне қатысты индикатор
шамдары жанып тұрады, ал START/PAUSE индикатор
шамы жыпылықтайды.
2.
Кірлерді салып, есікті жабыңыз.
Жуу
Шаю
Сығу
Ағызу
Жуу циклының соңы
END
3.
ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасын қажетті бағдарламаға
орнатыңыз.
4.
Жуу температурасын орнатыңыз
(
«Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
5.
Сығу жылдамдығын орнатыңыз
(«Жекешелендіру»
тарауын қараңыз).
6.
Жуғыш заттар мен жуғыш қосындыларды өлшеңіз
(
«Жуғыш заттар мен кірлер» тарауын қараңыз).
7.
Қажетті функцияларды таңдаңыз.
8.
Жуу циклын START/PAUSE түймесін басу арқылы
бастаңыз, сонда тиісті индикатор шамы қалыпты
түрде көк түспен жанып тұрады. Орнатылған жуу
циклын доғару үшін START/PAUSE түймесін басу
арқылы құрылғыны тоқтатып қойыңыз да, жаңа
циклды таңдаңыз.
9.
Жуу циклының соңында
END
индикатор шамы
жанады. ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
индикатор шамы
өшкен кезде есікті ашуға болады (шамамен 3 минут
күтіңіз). Кірлерді шығарып, барабан толығымен кебуі
үшін құрылғы есігін сәл ашық қалдырыңыз. ON/OFF
түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны өшіріңіз.