KAZ
16
16
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
8 САҚТАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
8.1 Тазалау және күтім жасау
• Электр құралының платформасын (1) дымқыл матамен сүртіңіз және құрғатып
сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ!
Электр құралын тазалау үшін қажақты тазартқыш құралдарды, металл
шөткелерді және электр құралының және керек-жарақтарының жабынын бүлдіруі
мүмкін басқа да заттарды қолданбаңыз.
8.2 Сақтау
Сақтаудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалаңыз және толықтай
кептіріңіз. Құралды құрғақ салқын, балаларға және жануарларға қолжетімді емес
жерлерде, +10-тан +30 °С-қа дейінгі температурада және 65%-дан аспайтын
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шарттарында сақтау ұсынылады. Сақтау
кезінде таразыда бөгде заттардың болмауын қадағалаңыз.
8.3 Ұсыныстар
• Егер электр құралы істен шықса оны өздігінен жөндеуге тырыспау керек.
Авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну қатаң ұсынылады.
• Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана
тасымалдаңыз. Құрылғыны тасымалдаудан және төмендетілген температурада
сақтаудан кейін оны кем дегенде екі сағаттай бөлме температурасында ұстау қажет.
9 КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Құралдарды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға түзелмейтін зиян келтіреді.
Ақаулы құралдарды, сонымен бірге қуат берудің пайдаланылған
элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Осы мақсаттар
үшін мамандандырылған құралдарды кәдеге жарату бекетіне жүгініңіз. Тұрмыстық
құралдар мен пайдаланылған қуат беру элементтерін қайта өңдеу үшін қабылдау
бекеттерінің мекен-жайларын Сіз өз қалаңыздың муниципалдық қызметтерінен ала
аласыз.
10 КЕПІЛДІК ШАРТТАР
Сіздің назарыңызды кепілдік мерзімнің ішінде келісідей шарттардың
сақталуы кезінде электр құралының тегін сервистік қызмет көрсетуге не
-
месе жөндеуге қабылданатындығына аударамыз:
Кепілдік міндеттемелер сатып алынған күні, сериялық нөмірі, сауда ұйымының
мөрі (мөртабаны), сатушының қолтаңбасы көрсетілген кепілдік талоны дұрыс