4. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
5. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір
салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның
ішінде бар болуы мүмкін кірлердің
барлығын кетіреді.
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
10.1 Кірді салу
1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймешігін басыңыз.
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
Барабанға тым көп кір салынбағанына
көз жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
A
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының есігін жабар
алдында, барабанның
дұрыс жабылғанына көз
жеткізіңіз.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
1. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
2. Жуғыш зат пен мата
жұмсартқышты бөліктерге
салыңыз.
10.3 Жуғыш зат салынатын бөліктер
АБАЙЛАҢЫЗ
Кір жуғыш машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан
орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
MAX белгісі жуғыш заттың (ұнтақ немесе сұйық) ең көп
мөлшерін көрсетеді.
ҚАЗАҚ
15