POLARIS PCG 1120 инструкция по эксплуатации онлайн - страница 13


Инструкция POLARIS PCG 1120 для устройства кофемолка содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 772.12 kB. Состоит из 17 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

13 

 

 

Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл  кезде 
қолды  суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны 
білікті маман тексеріп шығуы керек. 

 

Құралды  тек  қана  ауыспалы  ток  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың 
желіде қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз. 

 

Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 

 

Құралды желіге қоспас бұрын, оның өшірулі күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз. 

 

Құралдың қөзғалып тұрған бөлшектерін  ұстамаңыз. 

 

Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз.  Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып 
қалса  әрдайым  желіден ажыратыңыз. 

 

Құралды  желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан 
ұстап    желіден  ажыратуға  тиым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсель  
ашасынан ұстаңыз.   

 

Құралдың  жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті 
қызмет көрсету құқығынан  айырады.  

 

Құралмен пайдаланып болғаннан кейін,  оның электрмен қоректендіру сымын құралды 
айналдыра орауға болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы 
мүмкін.  Қашанда сақтау үшін сымды  жақсылап тарқатып,  тегістеп жазыңыз. 

 

Сымды  тек  қана  білікті    мамандар  –  қызмет  көрсету  орталығының  қызметкері  ғана 
ауыстыра  алады.  Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны  
қауiп-қатерге ұшыратуы  мүмкін. 

 

Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының  
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  

 

Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады 

 
 
 
 

Назар аударыңыз:  

Электрлі құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін  оны электр құралын әдеттегі 
тұрмыстық    қалдықтармен  бірге      тастамаңыз,    жоятын  ресми  пунккке,  яғни  қайта 
өңдейтін ресми жинау орнына апарып өткізіңіз. Осылайша, Сіз қоршаған ортаны сақтауға  
өз септігіңізді тигізесіз. 

 
 

2. Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар  

 

 

Кофеге арналған  контейнерді  максималды белгісінен артық  толтырмаңыз. 

 

Кофе дәндерін салуға арналған контейнерге судың өтіп кетпеуін әрдайым  қадағалаңыз.  

 

Құрал жұмыс істеп тұрғанда, ол толығымен тоқтатылмағанша оның қақпағын ашпаңыз.  

 

Құралды тазартпас бұрын немесе оның ішінен ұнтақталған кофе алмас бұрын құралды 
әрдайым  желіден ажыратыңыз.  

 

Құралды    қатты  өнімдерді  және  май  құрамы  жоғары  дәндерді    ұнтақтау  үшін 
пайдаланбаңыз. 

 

Сонымен қатар құралды қант, тұз және қуырылмаған (көк түсті) кофе дәндері сияқты 
қатты өнімдерді үсақтау үшін пайдаланбаңыз. 

 

Бұл  құрал  ұзақ  уақыттай  жұмыс  істеуге  арналмаған,  сондықтан,  құрал  қызып  кетпес 
үшін,  үздіксіз жұмыстың әрбір кофе дәндерін ұнтақтап тарту кезеңі орындалған соң әр 
кезеңнің аралығында 1-2 минут бойы үзіліс жасап тұрыңыз. 


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru