Автоматтық капучинаторды тазалау (күнделікті)
1
Сору түтігін таза сумен толтырылған құмыраға салыңыз.
2
Бос ыдысты автоматтық капучинатордың астына қойыңыз. HOT WATER (Ыстық су)
түймесін басыңыз.
3
Автоматтық капучинатордан су аққан кезде оны тоқтату үшін ESC (Шығу) түймесін
басыңыз.
Автоматтық капучинаторды тазалау (ай сайын)
1
Saeco сүттен тазалау қалтасының құрамын құмыраға салыңыз. Жарты литр су қосыңыз.
2
Құмыраға сору түтігін енгізіңіз.
3
Контейнерді автоматтық капучинатордың астына қойыңыз.
4
HOT WATER (Ыстық су) түймесін басыңыз.
5
Тоқтату үшін ОК түймесін басуға болады немесе ол автоматты түрде тоқтағанша
құрылғыдан құйылуына мүмкіндік беріңіз.
6
Құмыраны таза сумен шайып, шаю циклі үшін жарты литр таза су құйыңыз. Контейнерді
босатып, автоматтық капучинатордың астына қайтып қойыңыз.
7
Құмыраға сору түтігін енгізіңіз.
8
HOT WATER (Ыстық су) түймесін басыңыз.
9
Тоқтату үшін ОК түймесін басуға болады немесе ол автоматты түрде тоқтағанша
құрылғыдан құйылуына мүмкіндік беріңіз.
10
Автоматтық капучинаторды бу түтігінен шығарыңыз. Резеңке ұшты бу түтігінен
шығарыңыз.
Бу түтігі пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін.
11
Сору түтігін шығарыңыз (Cурет 34).
12
Шеткі жақтарын басып автоматтық капучинаторды шығарыңыз (Cурет 35).
13
Резеңке қақпақты шығарыңыз. (Cурет 36)
14
Компоненттерді жылы сумен шайыңыз.
Ескертпе. Бұл бөлшектерді ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
15
Қақпақты бекіту үшін ортасын басып, орнына бекітілгенін тексеріңіз. (Cурет 37)
16
Автоматтық капучинаторды қондырғыға бекітіп, орнына бекітілгенін
тексеріңіз (Cурет 38).
17
Сору түтігін тіркеңіз (Cурет 39).
18
Резеңке ұшты бу түтігіне енгізіңіз. Автоматтық капучинаторды резеңке ұшқа орнына
бекітілгенге дейін енгізіңіз.
ҚАЗАҚША
12