ZANUSSI ZWY51004WA инструкция по эксплуатации онлайн - страница 15


Инструкция ZANUSSI ZWY51004WA для устройства стиральная машина содержит страницы на русском языке.

Размер файла: 895.98 kB. Состоит из 40 стр.


Вы можете скачать pdf файл этой инструкции: Скачать PDF


Предыдущая
Следующая
background image

3

90˚

4

Мұздап кетуден сақтау

Құрылғы температурасы 0 °C градустан

төмен түсетін жерге орнатылса, су құятын

және төгетін түтіктердегі, су төгетін

сорғыдағы қалған суды төгіңіз.

Суды тосын жағдай орын

алғанда төгу үшін де осы

әрекетті орындаңыз.

1. Ашаны розеткадан суырып алыңыз.

2. Судың шүмегін жауып, су құятын түтікті

ағытыңыз.

3. Су төгетін түтікті раковинадан немесе

төлкеден ағытыңыз.

4. Су төгетін және құятын түтіктердің

ұшын сауытқа салыңыз. Түтіктердегі

суды ағызыңыз.

5. Ашаны розеткаға сұғыңыз да,

құрылғыны қайта іске қосыңыз.

6. Кез-келген жуу циклын "Су төгу және

Айналдыру" параметрімен бірге

орнатыңыз, ол циклдың соңына дейін

жұмыс істеуі керек.

7. Құрылғыны сөндіру үшін   түймешігін

басыңыз.

8. Құрылғыны розеткадан ағытыңыз.

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Құрылғыны қайта іске қолданар алдында

температураның 0 °C градустан жоғары

екеніне көз жеткізіңіз. Төмен температураға

байланысты орын алған ақауларға

өндіруші жауапкершілік көтермейді.

Ақаулықты түзету

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Кіріспе

Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе

жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз

(кестеге қараңыз). Әйтпесе қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулық орын алғанда дыбыстық

сигнал естіледі. Ескерту кодын көрсету
үшін 

 түймешігінің индикаторы қызыл

түспен жыпылықтайды да,

индикаторлардың бірі жанады:

 - Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.

 - Құрылғының суы төгілмей тұр.

- Құрылғының қақпағы немесе

барабанының есіктері ашық немесе

дұрыс жабылмаған. Екеуін де тексеріңіз!

 түймешігінің индикаторы қызыл

түспен 11 рет және 1 (немесе 2 немесе

3) рет сары түспен жыпылықтайды:

Электрмен жабдықтау тұрақты емес.

Электр желісі тұрақтанғанша күтіңіз.

 түймешігінің индикаторы қызыл

түспен жыпылықтайды: Құрылғы

барабанының есіктері ашық немесе

дұрыс жабылмаған. Барабанның

есіктерін тексеріңіз!

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Тексеріп көру алдында

құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

www.zanussi.com

15


Что удобнее для чтения книг?

Планшет
Электронная книга
Смартфон
Книга в бумажном переплёте
Не читаю книг

QR код manualbase.ru
©  2010- ManualBase.ru